ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ойын біз күткендей-ақ қиын болды». Құрбан Бердыев «Ақтөбемен» болған ойынды қорытындылады

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев «Ақтөбеге» қарсы кездесуден кейін клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Құрбан Бекиұлы, ойыннан алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

- Ойын біз күткендей-ақ қиын болды. Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бүгін кейбір жас ойыншыларымыз алаңға бірінші рет шықты. Бірақ ойын деңгейі жақсы болды деп айта аламын.

- Дамир Касабулаттың ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Қатты қобалжыды, қателіктері болды, әсіресе бірінші таймда, жалпы жақсы ойнады.

- Құрам сапында Васин және Алықұлов неге болмады?

- Олар сәл сырқаттанып қалды.

- Пенальтиге байланысты ойыңыз, неге Канте тепті?

- Негізінде Алвеш орындауы керек болған, бірақ Канте оған өзім орындаймын деп айтты. Бұл жерде психологиялық тұрғы мықты болу өте маңызды, Канте өзіне сенімді болды, сондықтан өзі орындады.

- Трансферлік терезенің жабылуына дейін уақыт бар, тағы жаңа ойыншылар келуі мүмкін бе? Қорғаныс шебіне?

- Басты ойымыз өз түлектерімізді ойнату. Егер тиімді ауысым болатын болса, бәрі де мүмкін.

- Сейдахмет оң қанаттағы латераль қызметін, осымен екінші матч қатарынан атқаруда, ол өзін сол позицияда өзін қалай сезінеді, қорғаушы ретінде ойын деңгейі жоғарылады ма?

- Ол ешқашан бұл позицияда ойнамаған, бірақ ойнай білді.

Ақтөбенің оң қанаты мықты болды, бірақ Сейдахметтің ойынына көңілім толды.

- Ол қорғаушылар төрттігінде ойнауы мүмкін бе?

- Жоқ, егер төрт қорғаушы болса ол жоғары жылжитын болады, шабуылға жақынырақ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!