ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Оразов: «Қайратқа» гол соғуға тырысамын, бірақ қуанбаймын»

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы, «Чайканың» қазіргі ойыншысы Рамазан Оразов қос клубтың Түркияда өтетін жолдастық кездесуі алдында клубтың баспсаөз қызметіне сұхбат беріп, «Қайраттағы» кездерін еске алып, гол соғуға тырысатынын айтты:

– 2019 жылы «Қайрат» сапында «Чайкаға» қарсы ойнадың. Сол ойыннан есіңде не қалды?

– Ол ойын жаңа бапкердің қол астында негізгі командадағы алғашқы матчым болды. Бастпақы құрамда шығуым себепті мен үшін өте ерекше ойын. Дубовой, Карташов және Хохлачев есімді қалды. Олардың бәрі қазір «Чайкада». Жақында Хохлачевпен сол кездесуді еске алдық. Бірінші таймда бізден әлдеқайда мықты болдық дейді. Бұл жөнінде дауласа алмайсың (жымиды). Екінші таймда біз мықтырақ болдық, бірақ «Чайка» екінші құраммен ойнады.

– «Қайраттың» қазіргі құрамы екі жыл бұрынғыға қарағанда мықты ма?

– Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайтын көшбасшы ойыншылардың бірнешеуі «Қайраттан» кетті. Бірақ оларсыз да құрамы тұрақты. Орталық алаңда белді ойыншылардың бірі польшалық Яцек Гуральский болмайды. Ол жарақат алып қалды. «Қайрат» Чемпиондар лигасына Вагнер Лав және Штерли Мамба сынды ойыншылармен алдыңғы шебін күшейтті. Жақында оларда чемпионат басталады. Қазіргі таңда бұл Қазақстандағы ең мықты клуб.

– Гол соқсаң қуанасың ба?

– 100% жоқ, бірақ гол соғуға тырысамын.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!