«Оқжетпес» «Қызыл-Жардың» украиналық легионерін қатарға қосты

31 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко көкшетаулық «Оқжетпеске» ауысты, деп хабарлайды «Атакующий футбол» Telegram арнасы.

«Максим Драченко Қазақстандағы клубын ауыстырады. Соңғы бірнеше маусымда «Қызыл-Жар» сапында өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы «Оқжетпеске» ауысуды жөн көрді», - деп жазады дереккөз..

Еске салайық, Драченко «Қызыл-Жарға» 2018 жылдың шілде айында ауысып келген. Содан бері ол петропавлдық клуб сапында 57 матч өткізіп, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін ол «Олимп Донецк», «Зирка» сынды украиналық клубтарда да ойнаған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!