Көкшетаулық «Оқжетпес» 26 жастағы қазақстандық қорғаушы Антон Куксинмен келісім-шартқа отырды. Ойыншы «Оқжетпеске» еркін агент ретінде ауысты.
Антон Куксин – Көкшетау футболының түлегі. Еңбек жолын 2013 жылы «Оқжетпес» құрамында бастап, алты жыл бойы көкшетаулық командада өнер көрсетті. Клуб жейдесінде 95 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.
2019 жылы «Ақжайыққа» ауысып, клуб сапында 14 матч өткізді.
Соңғы екі жыл бойы ол ресейлік «Тюмень» (25 ойын) және омбылық «Иртыш» (18 ойын) клубында доп тепті.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












