«Оқжетпес» Ресей екінші лигасының соңғы орындағы командасынан жеңілді

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында көкшетаулық «Оқжетпес» ресейлік «Шинник» клубынан 1:2 есебімен ұтылды.

Көкшетаулықтар сапынан қаралымдағы ойыншы Руслан Болов көзге түсті.

Бұл «Оқжетпестің» Түркиядағы екінші ойыны. Алғашқы матчта украиналық «Оболонь» командасын 1:0 есебімен жеңген еді.

Ресей Ұлттық футбол лигасында (ФНЛ) соңғы орында келе жатқан «Шинник» қазақстандық тағы бір клуб «Қызылжармен» де күш сынасып, ойын тең (2:2) есеппен аяқталғанын да айта кеткеніміз жөн.

«Оқжетпес» (Қазақстан) – «Шинник» (Ресей) – 1:2

Голдар: Болов 5’ – Дорофеев 44’, Игнатович 85’.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!