Қоңқабаев WBA рейтингісінде үздік бестіктің қатарына кіруіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингісінде орнын айтарлықтай жақсартып, төртінші орынға жайғасқаннан кейін пікір білдірді.

«Аллаға шүкір, 2022 жыл жақсы жаналықпен басталды. Ақырғы жекпе-жегімдегі жеңісімнен кейін WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте 4-ші орынға жайғастым. Жаратушымыз биылғы жылды барша қазақ елі үшін құтты, берекелі жыл қылғай. Әр күндеріміз сауап пен игілікке толы арман мақсатымызға жететін жыл болсын», — деп жазды Қоңқабаев инстаграмдағы парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!