ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Неймарсыз ПСЖ «Камп Ноуда» «Барселонаға» қауқар таныта ала ма?

Футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасы да келіп жетті. Бүгін түнде 1/8 финалдың алғашқы екі кездесуі өтеді. Екі матч та финалға бергісіз ойындар болмақ. Осыған орай Meta-ratings.kz тілшісі матч алдында азды-кем ақпараттар беріп, сандарды сөйлетіп көрмек.

2020/2021 жылғы маусымның 1/8 финалындағы алғашқы матчтың бірі испаниялық «Барселона» мен франциялық «Пари Сен-Жерменнің» текетіресі. Қос клубтың арасындағы кездесулер санаңызда естен кетпес естеліктер қалдыруы мүмкін. Оған дәлел 2017 жылдың дәл осы кезеңіндегі франциялық клубтың алғашқы ойында 4:0 жеңіп тұрып, қарымта ойында 6:1 есебімен есе жібергені. Жалпы қос клуб өзара 11 мәрте кездесіпті. Соның бесеуінде каталондықтар жеңіс тойын тойласа, үшеуінде париждіктердің мерейі үстем болған. Ал үш ойын тең есеппен аяқталыпты. Сонымен қатар ПСЖ «Камп Ноуда» бір голдан артық соғып көрмеген екен.

«Барселона» 1/8 финалда 2004/05 жылғы маусымнан бері үздіксіз өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта 16 бәсекелестіктің 14-інде жеңімпаз атанған. Каталондықтар өз алаңында 1/8 финалдың қатарынан 13 ойнында жеңілмеуде. Жалпы 16 ойында жеңіп, бір ойында жеңілсе, бір ойын тең аяқталған. Сонымен қатар «Барселона» франциялық клубтарға қарсы қос матчтық текетірестің соңғы бесеуінде жеңіске жеткен. Ал «Камп Ноуда» «Барселона» франциялық клубтардан тоғыз мәрте басым түссе, екі рет тең ойнап, тек бір мәрте жеңіліп қалған.

Былтырғы маусымда тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына жеткен париждіктер қатарынан тоғызыншы мәрте плей-офф кезеңіне өтіп отыр. Франциялықтар Чемпиондар лигасының қонақтағы соңғы 15 ойнында сегіз мәрте жеңіске жеткен. Сонымен қатар испаниялық клубтарға қарсы соңғы 11 ойынның екеуінде ғана жеңіс тойын тойласа, жеті рет жеңіліп, екі мәрте тең түскен. Ал испаниялық клубтармен өткен қос матчтық текетірестің бесеуінде мерейі үстем болса, соңғы төртеуінде есе жіберген.

Ішкі чемпионаттағы көрсеткіштеріне келсек, каталондықтардың жағдайы мәз емес, көш басында келе жатқан мадридтік «Атлетикодан» бір ойынға артық өткізіп, сегіз ұпайға артта келеді. Бірақ Ла Лигада соңғы 12 ойында жеңіліс көрмеді. Адуынды қарсыласқа келгенде ақсаңдап қалатыны болмаса, жастары жақсы өнер көрсетуде. «Барселона» сапынан бұл ойынға жарақаттарына байланысты Жерар Пике, Серджи Роберто, Ансу Фати, Коутиньо, Мартин Брэйтуэйт және Рональд Араухо сынды ойыншылар қатыса алмайды.

Ал ПСЖ Франция чемпионатында «Лион» және «Лилльмен» бірінші орынға алма-кезек көтеріліп, қызу тартыс ұйымдастыруда. Қазіргі таңда 25 турдан кейін 54 ұпай еншілеп, көш басындағы «Лилльден» бір ұпайға артқа қалып, екінші сатыда келеді. Ішкі чемпионаттың соңғы бес ойнында төрт жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан. Маусым барысында бапкер ауыстырған франциялық ұжымның қатарынан да бірнеше белді ойыншылар маңызды ойынға қатыса алмайды. Атап айтсақ, Марко Верратти, Анхель Ди Мария, Хуан Бернат және париждіктердің көшбасшы футболшыларының бірі, «Барселонаның» экс-ойыншысы Неймар да «Камп Ноудағы» текетірестен тыс қалды.

Ойын 16 ақпаннан 17 ақпанға өткен түні Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады. Матчқа Бьорн Кейперс бастаған нидерландылық төрешілер тобы қазылық етеді. «Камп Ноудағы» тартысты ойынды QAZSPORT телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!