Недовесов Аустралиядағы турнирдің жұптық сайысын жеңіспен бастады

Аустралияның ашық чемпионатындағы жұптық сайыс аясында қазақстандық теннисші Александр Недовесов алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

Недовесов пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен жұп құрды. Бірінші айналымдағы кездесуде олар франциялық Николя Маю/Фабрис Мартин дуэтін үш сетте — 7:6 (1), 5:7, 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Александр Бублик бүгін Ян Зелинскимен (Польша) бірге Маркос Хирон және Сунг Ву Квонды жеңетін болса, Мельбурндағы турнирдің келесі кезеңінде Недовесовпен кездесуі мүмкін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!