Недовесов АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан Delray Bich Open ATP 250 турнирі жұптық сынының ширек финалынан сүрінбей өтті.

Недовесов пен пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши 1 сағат 29 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, төрт мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған үш брейкпойнттың үшеуін де іске асырды.

Николос Монро / Джексон Уитроу — Александр Недовесов / Айсам-уль-Хак Куреши (Қазақстан / Пәкістан) — 0:2 (6:7 (4:7), 5:7)

Недовесов пен Куреши 1/2 финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй мен Алекс Лоусон жұбына қарсы тұрады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!