
Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов бесінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Тұрсынов қола жүлде үшін таласта өзбекстандық Рустам Ассакаловтан жеңілді. 2:2 есебімен тең аяқталған белдесуде соңғы ұпайды алған Ассакалов қола жүлдені еншіледі.
Осылайша, Нұрсұлтан Тұрсынов Азия біріншілігінде бестікке енді. Айта кетелік, өткен аптада ол лицензиялық турнирде топ жарып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












