ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Өмірімде мұндайды көрмегенмін». Әліп «Зенит» жейдесін кигелі бері алғаш рет сұқбат берді

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп ресейлік «Зенит» қараламында жүргелі бері алғаш рет пікір білдіріп, клубтың баспасөз қызметіне шағын сұқбат берді.

— Нұралы, «Зениттің» оқу-жаттығу жиынынан қандай әсер алдың?

— «Зениттің» үлкен клуб екенін бәрі біледі. Еуропада өнер көрсетіп жүрген әлемге белгілі команда. Жақында «Челси», «Ювентус» және «Мальмемен» күш сынасты. Оның өзі үлкен дәреже. Жоғары деңгейлі клуб.

— Жаттығу процессі туралы ойыңыз қандай?

— Жоғарыда айтқанымдай, «Зенит» — жоғары деңгейлі клуб. Жаттығулары да қызық әрі жоғары деңгейде өтеді. Күніне екі мәрте жаттығамыз. Өмірімде мұндай жаттығу жасамағанмын. Өзіме ұнап, қызық болып жатыр.

— Командада көбіне кіммен сөйлесесіз?

— Команда жақсы күтіп алды. Бірінші күні-ақ құттықтау дәлізіннен өттім. Келген кезде Дзюба, Азмун және Оздоев жақсы қолдау көрсетті. Қазір жас жігіттермен жақсы араласамыз. Қазақстанда өскен Евгений Киммен жақсы қарым-қатынастамыз.

— Қазақстанда «Зенит» жанкүйерлері көп пе?

— Өте көп. Бізде Қазақстанда соңғы жағдайлардан кейін интернетті енді-енді қалпына келіп жатыр. Менің жанкүйерлерім, отбасым «Зениттің» инстаграмына жазылып, лайк басып, пікір қалдыруда.

— Рақмет, сәттілік тілеймін!

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!