«Матч соңы төбелеске ұласты». «Ақтөбе» польшалық клубтан оңбай ұтылды.

«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында польшалық «Корона» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Ақтөбе» - «Корона» (Польша) – 0:3

Голдар: Далибор Такац 6, Яцек Подгорски 30, Евгений Шикавка 42

Бір қызығы, «Ақтөбе» қақпасына үшінші голды «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Евгений Шикавка соқты. Беларусь шабуылшысы өткен маусымның екінші жартысында қарағандылық клуб сапында өнер көрсеткен болатын.

85-минутта командалар арасында болған төбелеске байланысты матчтың бас төрешісі кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!