ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мақтааралдың» өз алаңындағы ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды

Атакенттік «Мақтаарал» футбол клубының өз алаңындағы ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Көпшілік жанкүйерлер: «Мақтааралдың үйдегі ойындары қайда өтеді?» деген сұрақтар қойып жатыр.

Қазіргі таңда «Мақтаарал» футбол клубына тиесілі Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» стадионына күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуі күтілуде.

Соған байланысты «Мақтаарал» үйде болатын барлық ойындарын Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізеді.

Биылғы ойындарды Мақтаарал ауданындағы алаңда қабылдай алмайды. Себебі «Алпамыс батыр» стадионының кейбір тұстары ҚФФ-ның стандарттарына сәйкес келмейді.

Алдағы уақытта бұл олқылықтардың орнын толтырып, көп ұзамай еліміздің барлық клубтарынмен Атакент кентінде ойнайтын боламыз», – делінген клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!