«Мақтаарал» клубы жаңа логотипін таныстырды

«Мақтаарал» футбол клубы ресми түрде жаңа логотипін ұсынды.

Эмблеманың ортасындағы «М» әрпі команданың атауын білдіреді. Ал әріптің үстіндегі мақта команданың шыққан өңірі Мақтаарал ауданын Республикамызға танытқан «ақ алтынның» бейнесі. Төменде команданың құрылған жылы (2011) жазылған.

Логотип

Логотип жасыл және ақ түске лайықталып жасалған. «MAQTAARAL» латын әліпбиінде, арнайы штрихтарымен технологиялық стильде жасалған.

Өткен жылы «Мақтаарал» Бірінші лигада екінші орынға ие болып, Премьер-лигаға жолдама алды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!