«Мақтаарал» Қазақстан құрамасының қақпашысын қатарға қосуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасының» 23 жастағы қақпашысы Бекхан Шайзада «Мақтаарал» клубының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Қазақстандық қақпашы Шымкент футболының түлегі болып табылады. Мансабын «Ордабасының» жастар командасында бастады. Ал соңғы жылдары негізгі команданың бірінші нөмірлі қақпашысына айналды. Бекхан өткен маусымда шымкенттік клуб үшін 22 матчқа қатысты және Қазақстан құрамасының наурыз айындағы ойындарына және жолдастық кездесулерге шақырту алды.

Айта кетейік, «Ордабасы» қаржылық мәселеге байланысты ҚФФ сертификаттау рәсімінен өте алмай қалды, нәтижесінде, шымкенттік клуб Премьер-лиганың келесі маусымына қатыспауы ықтимал.

Бұған дейін Бекхан Шайзаданың «Тұранға» ауысатын жайлы ақпараттар пайда болған еді. Бірақ қақпашы түркістандық клубтың оқу-жаттығу жиынынан шет қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!