ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ливерпульдің» экс-ойыншысы қазақстандық клубқа ауысты

Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының 27 жасар жартылай қорғаушысы Тони Силва жаңа маусымда «Тобылдың» намысын қорғайды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Тони Силваның португалиялық паспорты да бар екенін айта кеткеніміз жөн. Португалияда жастық шағын өткізіп, 2015-2016 жылдары ұлттық чемпионатта өнер көрсетті. «Унио Мадейро» командасы үшін 14 матч өткізіп, үш гол соқты.

2009 жылы Англияға қоныс аударып, «Челси», «Ливерпуль» жастар командаларында, сондай-ақ «Барнсли» және «Дагенхэм» құрамында ойнады. 2020 жылға дейін Тони Грекия, Гвинея-Бисау, Болгария, Түркия, Сауд Арабиясы клубтарында өнер көрсетті.

Өткен жылы жартылай қорғаушы «Таразбен» келісімшартқа қол қойды. Дебюттік маусымында жамбылдықтар сапында 17 матчта төрт гол соқты.

Халықаралық деңгейде Силва Португалияның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті, бірақ кейін Гвинея-Бисау құрамасын таңдады. Ұлттық құрамадағы 11 ойнында екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!