ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ливерпуль» мен «Бавария» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

Бүгін, 9 наурызда «Бавария» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жауапты матчта австриялық «РБ Зальцбург» командасын қабылдады. Ойын Мюнхендегі (Германия) «Альянц Аренада» өтіп, 7:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Мюнхендік клуб сапында Роберт Левандовски (хет-трик), Серж Гнабри, Томас Мюллер (дубль) және Лерой Сане көзге түсті. Ал австриялық клубтың жалғыз голын 70-минутта Мавриц Кергор соқты. Үш бірдей гол соққан Левандовски матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Параллель өткен матчта «Ливерпуль» өз алаңында «Интерді» қабылдады. Ливерпульдегі (Англия) «Энфилд» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен миландық клубтың пайдасына шешілді.

Кездесудің 61-минутында «Интердің» шабуылшысы Лаутаро Мартинес жеңісті голды соқты. Бірнеше минуттан кейін Санчес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. «Интердің» қорғаушысы Милан Шкриньяр матчтың үздік ойыншысы атанды.

Италияда өткен «Интер» мен «Ливерпуль» арасындағы алғашқы ойында мерсисайдтық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша «Ливерпуль» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!