Әліп ғаламат гол соғып, «Зенит» халықаралық турнирде көш бастады

Ресейлік «Зенит» футбол клубы Португалияда өтіп жатқан Atlantic Cup-2022 турниріндегі кезекті матчында камбэк жасады.

Санкт-петербургтік команда «Брондбюдан» алғаш болып гол өткізгенімен, артынша екі доп салып, 1:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапындағы екінші голын соғып, командасының жеңіске жетуіне септігін тигізді.

Осы жеңістен кейін «Зенит» сегіз ұпаймен турнирде көш бастады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!