Әлімханұлының 2021 жылдың қорытындысы бойынша WBA рейтингісіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингісіндегі орнын сақтап қалды.

Жәнібек 2021 жылдың қорытындысы бойынша сегізінші орында қалды. Алғашқы үштікке британиялық Кіші Крис Юбэнк, мексикалық Хайме Мунгия және ресейлік Магомед Мадиев жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Қазақ стилі» екі жекпе-жек өткізіп, бұрынғы әлем чемпиондары, америкалық Роб Брант пен француз Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!