Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан дайын болатынын айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) инстаграм парақшасында жанкүйерлерге алғыс айтып, келесі жекпе-жекке қашан дайын болатынын мәлімдеді:

«Жарақатқа алаңдап, жанашырлық танытып, тілеулестігін білдіріп жатқан барша жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер өте көпсіздер. Маған сенесіздер. Оны өте жақсы білемін.

Қазір елдеміз. Жарақатты емдеуді бастап кеттік. Бел енді бұрынғыдан да мықты болады! Бұл жарақаттың қазір шыққаны дұрыс болды. Чемпиондық жекпе-жек алдында болса қиналып қалар едік. Бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі. Әр жағдайда Аллаға шүкір!

Бұйыртса мамыр айында рингке оралуға дайын боламыз! Рингті сағындым!», – делінген боксшының парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!