ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Лейпциг» Венгрия астанасында «Ливерпульді» жеңе ала ма?

Бүгін көрерменге ұсынылатын Чемпиондар лигасының кезекті матчы германиялық РБ «Лейпциг» пен англиялық «Ливерпуль» арасындағы кездесу. Meta-ratings.kz тілшісі аталған ойын алдында да азды-кем ақпараттар ұсынбақ.

Қос клуб осыған дейін бір-бірімен кездеспеген. Осы тұрғысынан да бұл тарихи ойын болмақ.

Бұл «Лейпцигтің» Чемпиондар лигасындағы бар-жоғы үшінші маусымы. Және қатарынан екінші рет 1/8 финалда өнер көрсету құқығына ие болды. Ең ірі жетістігіне былтырғы маусымда жетті. 2020 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жеткен еді. Сол жылы 1/8 финалда тағы бір англиялық клуб «Тоттенхэмді» жарыс жолынан шығарғанын (3:0, 1:0) да айта кеткеніміз жөн. Жалпы германиялық клуб Чемпиондар лигасында төрт рет англиялық командамен күш сынасқан. Соның үшеуінде мерейлері үстем болса, тек біреуінде жеңілістің ащы дәмін татқан.

2019 жылғы «қалқаң құлақ» кубоктың иегері «Ливерпуль» клубы Чемпиондар лигасында германиялық командалармен Чемпиондар лигасы деп аталғаннан бері сегіз мәрте кездесіп, бесеуінде асығы алшысынан түссе, екі рет тең тарқасып, бір ойында ғана жеңіліп қалыпты. Ал соңғы үш 1/8 финалдық ойындардың екеуінде келесі кезеңге өткен. Былтырғы 1/8 финалдық бәсекеде мадридтік «Атлетикодан» айласын асыра алмағандығы бәріңізге мәлім.

Ішкі чемпионаттағы жағдайларына келер болсақ, «бұқалар» 21 турдан кейін мюнхендік «Бавариядан» төрт ұпайға қалып, 44 ұпаймен екінші орында келеді. Бундеслигадағы соңғы бес ойнының төртеуінде қарсыласты қапы қалдырса, тек біреуінде есе жіберген.

Ал мерсисайдтықтардың Премьер-лигадағы жағдайы мәз емес. Соңғы бес ойынның үшеуінде тізе бүгіп, 24 ойыннан кейін 40 ұпай еншілеп, бесінші орынға жайғасқан.

«Лейпциг» сапынан бұл ойынға клубтың су жаңа ойыншысы Доминик Собослаи және Эмиль Форсберг сынды белді футболшылар жарақаттарына байланысты қатыса алмайды. Ал «Ливерпуль» маңызды матчқа Вирджил Ван Дейк, Диогу Жота, Джоэль Матип, Дивок Ориги және Фабиньо секілді аяқдопшыларсыз қатысады.

Ойын COVID-19 салдарынан Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады. Кездесуге Славко Винчич бастаған словениялық төрешілер тобы қазылық етеді. Қос мықтының арасындағы текетіресті QAZAQSTAN ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!