Әлемнің бірінші ракеткасы Australian Open-ге қатыспайды

Австралияның Федералдық соты Новак Джоковичтің визаны қайтарып алу туралы өтінішін қабылдамады. Теннисшіні визадан айыру туралы шешімді иммиграция министрі Алекс Хоук қабылдаған болатын. Істі үш адамнан тұратын сот алқасы қарады.

Бас төреші Джеймс Олсоп Джоковичтің өтінішін қабылдамады және оны сот шығындарын өтеуге міндеттеу туралы шешім шығарды. Новак жақын арада елден депортацияланады, деп жазды журналист Бен Ротенберг.

Енді Новакқа үш жыл бойы Австралияға кіруге тыйым салынады. Осылайша, сербиялық иеннисші Australian Open турниріне қатыса алмайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!