«Каспийдің» ресейлік ойыншысы «Тұранға» ауысады

«Каспийдің» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс Қазақстан Премьер-лигасының жаңа клубының қатарына қосылады, деп хабарлайды инсайдар Айдын Қожахмет.

Дереккөздің айтуынша, Лайонел «Тұранның» қатарына қосылыпты. Ресейлік қорғаушы «Каспийдің» қатарында 15 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берген. Ақтаулықтардан бөлек ресейлік, армениялық және испаниялық командаларда доп тепкен. Ресей U-18 құрамасы сапында төрт матчқа қатысқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!