ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Горовенкоға Бірінші лиганың үздік бапкерінің жүлдесі табысталды

2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша футболдан Бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің үздік бапкері болып Константин Горовенко атанды.

Қазақстандық маман «Мақтаарал» командасымен бірге клуб тарихында алғаш рет Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

Жаңа маусымда Константин Александрович «Атырау» футбол командасының тізгінін ұстады. Горовенкоға аталмыш жүлдені «Мақтааралға» қарсы ойынның алдында атыраулық футболдың ардагері Александр Лобашов табыс етті.

Александр Васильевич футболшы ретінде «Прикаспийец» және «СКА-Новосибирск» клубтарында ойнады. «Атырау» футбол орталығында бапкер болып жұмыс жасады. Оның түлектері Денис Родионов, Айбар Нұрыбеков, Азамат Жомартов және Алтынбек Сапаров «Атыраудың» сапында өнер көрсетті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!