ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Голубев Дохадағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Доха ATP 250 турнирінің финалына өте алмады.

Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге жартылай финалда осы доданың 3-ракеткалары, нидерландылық Уэс Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда нидерландылық-ұлыбританиялық жұп басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте Голубев пен Мартен 2:0 есебімен алға шыққанымен, сол мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Ақыры тай-брейкте Колхоф пен Скупскидің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:3).

Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық-франциялық жұп 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды. Қарсыластары 3 эйс, 2 брейкке (13 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша А.Голубев жұптық сында жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың финалына шыға алмай қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!