ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Головкиннің промоутері «Канеломен» болатын жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің промоушені DAZN стримингілік сервисімен бірлесіп, екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареске Геннадий Головкинмен үшінші айқасты қамтитын екі жекпе-жекке ұсыныс жасағанын растады.

Таяуда ESPN инсайдері Майк Коппинджер Альварестің Хирннан 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен, кейін 17 қыркүйекте GGG-мен трилогияны аяқтау туралы ұсыныс алғанын жазды.

Мatchroom Boxing-тың бәсекелестері Эл Хэймон мен PBC «Канелоға» орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Джермалл Чарлоны ұсынып отыр.

«Эдди Рейносо мен Сауль келесі айқасына қатысты жоспар құруды бастады. Біз тек өз ойымызды айтып жатырмыз. Келесі аптада «Канеломен» және Эддимен кездесуге барып, олардың не ойлайтынын біліп қайтамын. Мен үнемі айтып жүрмін, олар өздеріне қажет және өздерін ынталандыратын, қызықтыратын нұсқаны таңдайды. Ол біз және DAZN ұсынып отырған нұсқа болады деп үміттенеміз. Бивол және Головкинмен жекпе-жек пе? Иә, бұл DAZN-нан көргіміз келетін екі айқас», - деп жауап берді Хирн IFL.TV-ге берген сұхбатында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!