ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Олимпиаданы қорытындылады

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасындағы көрсеткішін қорытындылап, финалдық кезеңде төрешілерден тағы бір мүмкіндік сұрау себебін түсіндірді, деп жазады Olympic.kz.

«Шеттен жарысты қарап тұрғанда, басқалардың құлағанын ауыр қабылдаймын. Ал теледидардағы бейнеқайталауда спортшының құлаған сәті баяу көрсетіледі де, екі есе қауіпті көрінеді. Тіпті, өзіміз де қорқып кетеміз, жасырмаймын. Негізі, құлаған сәтте адреналинмен аса ауырлық сезінбейсің. Бірақ келесі күні денеңді көтере алмай жүретінің рас (күлді). Естеріңізде болса, фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы турнир жоспарланған мерзімінен бір күнге ауыстырылды. Бәрі де ауа райына байланысты ғой. Іріктеу түсте өткендіктен, қар жұмсақ болды. Ал кешке қарай күн де суытып, қар да қатып қалды.  Финалдағы екінші мүмкіндігімде шаңғымның темірі қарға ілініп қалды. Осылайша, трамплинге жете алмай, жарыс жолынан шығып кеттім. Мұндай сәттерде төрешілерден тағы бір мүмкіндік заңды түрде сұралады.Сол себепті, өз бағымды тағы да сынап көрдім», - дейді Қалмұрзаева.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!