ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Фаворит жоқ деп ойлаймын». Құрбан Бердыев «Тобылмен» болатын ойын жайлы пікір білдірді

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан Суперкубогі үшін «Тобылға» қарсы өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрағына жауап берді.

— Ертеңгі ойынға командаңыз дайын ба?

– Иә, дегенмен, аздаған қиындықтар бар. Кейбір жігіттер дайын емес. Ертең бәрін шешетін боламыз. Бірақ матчқа ойыншылардың барлығы шақыртылды.

— Осы маусымаралық үзіліс кезінде Виктор Васинді қатарға қостыңыздар. Бұл сіздің таңдауыңыз болды ма?

— Жоқ, бұл клуб басшылығының шешімі. Біз орталық қорғаушы іздедік. Олар әртүрлі нұсқаларды ұсынды және олардың ішінен Васин таңдалды.

— Командада Артур Шушеначев қалатын болды ма?

— Ол ешқайда кетпейді деп нақты айта алмаймын. Кейбір елдерде трансферлік терезе әлі жабылған жоқ.

– Айбол Әбікен «Қайраттан» кеткісі келмеді, бірақ ол сіздің ойын философияңызға сай келмей, басқа клубқа ауысты деген ақпарат тарады.

– Сіздің айтқаныңыз шындыққа жанаспайды. Мен оның жақсы футболшы екенін айттым, мұндай ақпаратты қайдан алатыныңызды білмеймін. Бұл Әбікен секілді жас ойыншылардың жолын ашу үшін жасалған клубтың стратегиялық саясаты. Клубтың қаржылық бюджеті азайғаны сөзсіз. Жігіттердің біразы жалақыны қысқартуға келісіп, командада қалды, келіспегендері кетіп қалды.

— Көптеген адамдар Суперкубокті маңыздылығы аз трофей деп біледі. Бұл жүлдені жеңу сізге Қазақстан кубогін немесе чемпионатты жеңуге қарағанда аз эмоция сыйлай ма?

– Кез келген кубок чемпионат сияқты беделді турнирді жеңіп алғанда беріледі. Әрбір кубок, әрбір финал жаңа сынақ болып саналады. «Тобылдың» айтарлықтай күшейгенін білемін. Сондықтан ертең жақсы ойын болады.

— Оқу-жаттығу жиынында «Тобыл» жақсы нәтиже көрсеткен жоқ. Маңызды матч алдында осы статистика сіздің командаңызға еркіндік сыйлай ма?

— Жоқ. Оқу-жаттығу жиындары болғандықтан, ол кезде әртүрлі нұсқаларды пайдаланып көреді. Оның үстіне жігіттер ауыр жүктемеге тап болады. Кейбір жаттықтырушылар бақылау ойындарын матч ретінде қарастырмай, физикалық жағдайды жақсартуға тырысады. ОЖЖ-дағы нәтиже ештеңені де білдірмейді.

– Маусымаралық кезеңде «Қайратқа» жаңадан келген ойыншылардың бірі «Манчестер Ситидің» ойын стилін командаға сіңіргіңіз келетінін айтты. Бұл нені білдіреді?

— Мен бұл сөздерге түсініктеме бермеймін, бұл маңызды емес. Сіз мені дұрыс түсіндіңіз, бұл матч алдындағы баспасөз мәслихаты болғандықтан, мен ойын туралы сұрақтарға жауап беремін, біреудің сөздеріне немесе таратқан сыбыстарына түсініктеме бермеймін.

— Ертеңгі матчтың фавориті кім деп ойлайсыз?

— Фаворит жоқ деп ойлаймын. Бұған дейін әлсіз командалардың өзі Кубок пен Суперкубоктің финалында бірнеше рет жеңіске жеткен.

— Қазіргі құраммен «Қайрат» үлкен мақсаттар үшін күресе ме?

— Әрине. Біз жастарға сенім артқанымызбен, алға қойған мақсаттар өзгерген жоқ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!