ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Евсеев камбэк жасап, Литвадағы доданың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (393) Литвада өтіп жатқан Vilnius Cup ITF M25 турнирінің 1/8 финалынан сүрінбей өтті.

Евсеев аталған додадағы екінші кездесуінде чехиялық Павел Нейедлыны (577) 2:1 (3:6, 7:5, 6:0) есебімен тізе бүктірді.

Естеріңізге сала кетсек, Денис алғашқы кезеңде бельгиялық Жероэн Ваннесті (455) 2:0 (6:4, 6:1) есебімен жеңген еді.

Қазақстандық теннисші ширек финалда Даниэль Цукерман (Израиль) – Карл Фиберг (Швеция) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 25 000 доллар екенін де айта кеткен жөн.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!