Еуропалық чемпионаттың қола жүлдегері ҚПЛ клубында қаралымда жүр

Еуропалық чемпионаттың қола жүлдегері ҚПЛ клубында қаралымда жүр

Украиналық қақпашы Родион Сямук оралдық «Ақжайықта» қаралымда жүр. Бұл жайында Inside/Arseniy Isaenya телеграм-каналы хабарлады.

Оның соңғы ойнаған клубы жодинолық «Торпедо-БелАЗ» командасы болды. Аталған ұжым өз чемпионатын үшінші орынмен аяқтады. Сонымен қатар ол Беларусияда «Славия» (Мозырь), «Гранит», «Сморгонь», «Динамо-Брест» командаларында доп тепкен.

«Ақжайық» ҚПЛ-2021 маусымында ойнауға кандидат клубтардың бірі. Маусымаралық үзіліс кезінде бас бапкерлікке 43 жастағы украиналық маман Владимир Мазярды қойған болатын. Бұл маман 2018 жылы да оралдық клубты жаттықтырған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!