ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елдос Ахметов «Қайратқа» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді

«Тараз» қорғаушысы Елдос Ахметов алматылық «Қайратпен» өткен матч (1:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Қайрат» жыл сайын жүлделі орыннан көрініп келе жатқан еліміздің бетке ұстар футбол ұжымдарының бірі. Мұндай командаға қарсы ойынға кез келген футболшы жақсы дайындықпен шығуға тырысады.

Бірінші болып гол жіберу, әрине, психологиялық тұрғыда оңай емес. Бірақ команда босаңсымай, қарымта қайтаруға ұмтылды. Және ол өз нәтижесін берді. Чемпионатта әзірге гол жібермей келе жатқан «Қайрат» қақпасынан саңылау табу әрі сырт алаңда мұндай командаға қарсы ойыннан ұпай алу әрине қуантады. Сондай-ақ команданың алға ұмтылуына мотивация әрі сенімді ойнауға жол ашады деп есептеймін», – деді Ахметов.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!