«Екібастұздың» екі ойыншысы «Ақсуға» ауысты

«Ақсу» футбол клубы «Екібастұздың» екі ойыншысымен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Ақсулықтардың қатарына Павел Баркунов пен Арман Смаилов қосылды.

Баркунов өткен екі маусымды «Екібастұз» сапында өткізді. Өткен жылдың жазында мадридтік «Фуэнлабраде» клубына қаралымға шақырылған.

Смаилов өткен маусымда «Екібастұздың» намысын қорғап, 19 ойында 13 мәрте мергендігімен көзге түсіп, екі нәтижелі пас берген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!