ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Екі бірдей қазақ спортшысы конькимен сырғанауда үздік ондыққа кірді

Екі бірдей қазақ спортшысы конькимен сырғанауда үздік ондыққа кірді

Қазақстандық спортшылар Екатерина Айдова мен Надежда Морозова Херенвенде өтіп жатқан әлем чемпионатында 1500 метр қашықтық бойынша үздік ондыққа енді.

Айдова 1 минут 56,079 секунд нәтижесімен сегізінші, ал Морозова - 1 минут 57,024 секундпен - оныншы орынға ие болды. «Алтын» мәреге 1 минут 54,613 секундта жкткен норвегиялық Рагне Виклундтың еншісінде кетті. Екінші орын америкалық Бриттани Боу (+0,42 секунд), ал үшінші орын ресейлік Евгения Лаленковаға (+0,48) бұйырды.

Морозова сонымен қатар 5000 метрде 7 минут 23,599 секунд көрсеткішпен 11 орында келді. Ол жеңімпаз голландиялық Ирен Схаутеннен 35,06 секунд кешірек келді.

Ерлер арасында 1500 метр қашықтықта Демьян Гаврилов 13-боп келсе, Виталий Щиголев - 14-болып, ал Дмитрий Морозов - 16-болып мәре сызығын кесті. Аталған сайыста барлық жүлделі орындар голландиялық конькишілерде қалды: «алтын» Томаса Кролдың, «күміс» Кьелд Нейстің, «қола» Патрик Русттың мойнына тағылды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!