Данилина Australian Open жұптық сынының екінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Үлкен дулыға» санатына жататын Australian Open жұптық сыннының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя 1 сағат 16 минутқа жалғасқан кездесуде үш эйс жасап, екі мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған бес брейкпойнттың екеуін іске асырды.

Анна Данилина / Беатрис Хаддад Майя (Қазақстан / Бразилия) — Анна Бондарь / Оксана Калашникова (Венгрия / Грузия) — 2:0 (6:4, 6:4)

Анна мен Беатрис 1/16 финалда Юрак / Клепач — Мартинцова / Вондрусова жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!