ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бразилиялық ойыншы қазақстандық клубқа ауысты

Петропавлдық «Қызылжар» клубының сапына бразилиялық ойыншы Данило Алмейда Алвес қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Данило мансабын «Кишада» клубында бастаған. Кейіннен бразилиялық «Крисиуму», «Брагантино», «Луверденсе» және түркиялық «Афьет Афьонспор» сынды тағы да басқа клубтарда доп тепкен. 2019 жылы тағы бір қазақстандық «Оқжетпес» клубында өнер көрсетіп, 27 ойында алты гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Ал соңғы клубы оңтүстік кореялық «Сувонда» 29 жасар форвард 14 ойынға қатысып, үш мәрте қақпа торын тулатса, бір голдық пастың авторы атанған.

Transfermarkt порталының дерегіне сүйенсек, қос тарап 2021 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!