ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

«Біз жеңіске лайық болдық». «Астана» қақпашысы дебюттік матчы жайлы ойымен бөлісті

«Астананың» қақпашысы Марко Милошевич өзінің алғашқы ресми матчынан кейінгі эмоцияларымен бөлісіп, елордалық командадағы алғашқы қадамдары жайлы пікір білдірді.

– Қазақстандағы ең үлкен клуб сапында дебют жасаудың сәті түскеніне қуаныштымын. Бірақ, жеңіске жетпегеніміз өкінішті. Біз жеңіске лайық болдық, себебі алаңдағы үздік команда біз болдық, алайда сәттілік жетіспеді.

– Командамен бірге болғаныңа екі айдан астам уақыт болды: команда жайлы, жалпы клуб, қала туралы ойың қандай?

– Иә, командаға келгеніме екі ай болды. Шынымды айтсам, таңғалу сезімі басым, клубқа, командаға, қалаға, стадионға, жалпы барлығына ризамын, барлығы өте керемет. Әріптестерімді өз отбасымдай көремін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!