ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Біз бұған дайын болуымыз керек». Рикардо Кака Италиямен өтетін ойын жайлы пікір білдірді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуро-2022 топтық кезеңінде Италиямен болатын шешуші матч жайлы ойымен бөлісті.

Аталмыш кездесу 28 қаңтарда Гронинген қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.

«Мен италиялықтардан жақсы ойын күтемін, олар міндетті түрде тәуекелге барады. Алдыңғы екі матчтың соңында Италия құрамасы есеп тең болған кезде де қақпашыны бесінші алаң ойыншысына ауыстырды. Әрине, тең ойын оларға ұнамады. Енді қарсыластың жеңуден басқа амалы жоқ. Біз бұған дайын болуымыз керек», - деп келтіреді оның сөзін УЕФА сайты.

Айта кетейік, Қазақстан 4 ұпаймен топта көш бастап келеді, Кака шәкірттеріне плей-офф кезеңіне өту үшін тең ойын жеткілікті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!