Бірінші лиганың үздік ойыншысы «Ақсумен» келісім-шартын ұзартты

Павлодар футбол мектебінің тәрбиеленушісі Мирас Тұрлыбек жаңа маусымда «Ақсу» сапында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Өткен маусымда Тұрлыбек барлық турнирлерде 23 ойын өткізіп, 23 гол соқты, алты ассисттің авторы атанды.

Айта кетсек, «Ақсу» командасының шабулшысы осы маусымның қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік шабулшысы және ойыншысы ретінді танылып, сонымен қатар символикалық құрамасына да енді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!