ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бейжің-2022: Юлия Галышева фристайл-могулдан финалға өтті

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы ондыққа ілігуі тиіс еді. Бұл Олимпиаданың финалына өтуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

- Олеся Граур - 18-орын

- Аяулым Әміренова - 12-орын

- Юлия Галышева - 9-орын

- Анастасия Городко - 11-орын

Осылайша, Олимпиаданың финалдық кезеңіне тек қана Галышева өтті. Ал Городкоға финалға өту үшін сәл ғана ұпай жетпей қалды. Анастасия осы Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшылардың бірі. Ол небары 16 жаста.

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!