ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бельгия чемпионатының топ-клубы қазақстандық футболшыға көз салды

Бельгия чемпионатының топ-клубы қазақстандық футболшыға көз салды

24 жасар қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский жазғы трансферлік кезеңде бельгиялық «Генк»футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды kazfootball.kz порталы Voetbalnieuws.be сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ян Вороговскийдің келісімшарт мерзімі осы жазда бітеді. Қазақстан ұлттық құрамасында 13 матчқа, клуб сапында 15 ойынға негізгі құрамда алаңға шыққан футболшы өзінің қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойынымен көзге көріне білді. Шамасы, алдағы айлар оның «Беерсхоттағы» соңғы уақыттары сияқты. «Генк» қазірден ойыншыға қызығушылық танытуда», - деп жазады бельгиялық басылым.

Ян Вороговский бельгиялық «Про-лиганың» биылғы маусымында 17 ойынға қатысып 1 доп соққан. «Генк» турнирлік кестеде үшінші орында, «Беерсхот» футбол клубы сегізінші орында келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!