ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Барыстың» бүгінгі матчы да кейінге шегерілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыстың» «Витязь» командасымен кезекті ойыны өтпейтін болды.

Мачттың тоқтатылуына «Витязь» командасының 4 ойыншысынан ПТР тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталуы себеп болған. Вирустың таралуын болдырмас үшін 13 қаңтарға белгіленген ойын өтпейтін болды. Қашан өтетіні кейін хабарланады.

Айта кетсек, елордалықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында бұрынғысынша сегізінші орында келеді.

«Витязь» 43 ұпаймен Батыс тобында 10-сатыда тұр. Аталмыш клуб қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты. Соңғы бәсекеде «Северстальға» овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді.

Юрий Михайлистің шәкірттері жаңа жылда үш рет қатарынан жеңіске қол жеткізді. Соның ішінде көш бастаушы командалардың бірі – «Металлург» (Магнитогорск) клубын екі мәрте ұтты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!