ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бабаян: «Шабуыл өтіндегі жігіттерге көңілім толмады»

«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян Түркиядағы екінші жаттығу жиыны аясында өткен грузиялық «Дилаға» қарсы (0:2) ойын туралы пікір білдірді:

«Бүгін қарсыласымыз әлдеқайда тың әрі жылдам болды. Бұл матчтың бізге қиынға соғатынын білдік. Осындай маңызды кездесулерде ойыншыларге көбірек жүктеме беру керек. Шаршаңқы кезде немесе қарсыласың жақсы дайын болса, жинақы ойнап, моральдық тұрғыда сабырлық таныту аса маңызды. Бүгін жергілікті футболшылар көптеп шықты, олар ойын ырғағын сезініп, сенімді ойнауы тиіс. Қарсыластың қысымын жеңе білуі керек. Бұл олар үшін жақсы тәжірибе. Айта кету керек, біз тым қарапайым сәттерде гол енгізіп алдық, кейбір эпизодтарда өте нашар қорғандық. Сонымен қатар бүгін шабуыл өтіндегі жігіттерге көңілім толмады. Гол соғатын сәттер болды, бірақ дәлдік жетіспеді.

Қорытындылай келе, ойын көп ақпарат берді дер едім. Біз шешуге тиіс мәселелерді көрдік. Жалпы, өте жақсы спарринг», – деді бас бапкер баспасөз қызметіне.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!