ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Бұл жүлдені көп күттім». Данил Мұсабаев әлем кубогіндегі жетістігіне қатысты пікір білдірді

Батуттағы гимнастикадан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Данил Мұсабаев қола жүлдегер атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұл жүлдені көп күткенін жасырмады.

«Спорттың бұл түрімен төрт жасымнан бері айналысып келем. Ал он жасымнан бастап халықаралық жарыстарға қатыса бастадым.  Гимнастикаға мені әкем алып келді. Әлі күнге дейін ол кісіге алғысым шексіз. Маған бар білгенін үйрететін бапкерлеріме де көп рахмет.  Әлем кубогіне келер болсам,  1-12 ақпан аралығында Әзірбайжанда оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Ал 13-14 ақпан күндері әлем кубогі өтті. Биылғы жылдың алғашқы жарысында үздік үштікке енгенімен қуаныштымын.  Басты қарсыластарым Беларусь, Ресей, Португалия, Түркия спортшылары болды. Жүлде үшін таласта 58.9 ұпай алып, қола медаль жеңіп алдым.  Бірінші және екінші орынды Беларусь гимнастары өзара бөлісті. Бұл медальді мен көп күттім. Енді мұнымен тоқтамай, тек алға басамын», - деді Данил.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!