Қазақстанның атынан еурокубокта ойнайтын клубтың қарсыластары белгілі болды

Қазақстанның атынан еурокубокта ойнайтын клубтың қарсыластары белгілі болды

«Тобол» ФК Түркиядағы екінші ОЖЖ аясында жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарын анықтады.

Бірінші ойын 14 ақпанда Риганың «РФШ» командасымен болады. Өткен жылы бұл команда Латвияның жоғарғы лигасын екінші орынмен аяқтаған.

17 ақпанда қостанайлық клуб «Дила Гори» командасымен ойнайды. Бұл ұжымның Грузия чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші 2014/15 жылғы маусымдағы чемпиондықтары.

20 ақпан күні «Оренбург» командасымен кездесу жоспарланған. Команда ФНЛ-да (Ресейдің екінші лигасы) үшінші орында келеді.

Соңғы ойын 23 ақпанда «Олимп-Долгопрудный» футбол клубына қарсы өтпек. Ресей ПФЛ 2 тобында өнер көрсететін ұжым.

Естеріңізде болса, «Тобыл» өткен маусымда ҚПЛ-да екінші орынмен аяқтап УЕФА-ның жаңа турнирі конференция Лигасына жолдама алған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!