Қазақстандық әйелдер күресінің шебері халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық Эльмира Сыздықова еркін күрестен Краснодарда өтіп жатқан «Иван Ярыгин Гран-приінде» қарсылас шақ келтірмеді.

Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда беларусьтік Ксения Дзибукпен күш сынасып, 15:4 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Эльмира 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында топ жарған еді. Сонымен қатар Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Одан бөлек халықаралық турнирлердегі жетістіктері жетерлік.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!