ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде шарықтап, топ-25 қатарына енді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бұрымды теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстандықтардың орны да айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Көш басында аустралиялық Эшли Барти қалса, екінші сатыда беларусьтік Арина Соболенко, ал үшінші орынға чехиялық Барбора Крейчикова көтерілді.

Елена Рыбакина (12) мен Юлия Путинцева (42) орындарын сақтап қалса, Зарина Дияс бірден 14 сатыға төмендеп, 118-ші атанды.

Жұптық сындағы үздік үштік өзгерген жоқ: чехиялық Катерина Синякова көш бастап тұр, екінші орында — отандасы Барбора Крейчикова, ал үздік үштікті Қытайлық Тайпэйдің өкілі Се Су-Вей қорытындылап тұр.

Қазақстандық Анна Данилина 28 позицияға көтеріліп, 25-ші орынға жайғасып, жұптық сындағы еліміздің ең мықты теннисшісі атанды. Бұл оның мансабындағы рекордтық көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұп құрап, Australian Open жұптық сынының финалына дейін жетіп, шешуші ойында Крейчикова мен Синяковадан жеңіліп (7:6, 4:6, 4:6) қалған еді.

Ал Елена Рыбакина 51-ші сатыда қалса, Зарина Дияс бірден 49 орынға төмендеп, 229-шы позицияға жайғасты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!