ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Қазақстандық теннисші Египеттегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Әлемдік рейтингте 696-орында тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Египетте өтіп жатқан M25 Sharm Elsheikh ITF турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

1/16 финалда Бейбіт 352-орында тұрған австриялық теннисші Филип Мисоличпен кездесті. Алғашқы сетте 7:5 есебімен Жұқаев жеңіске жетті. Ал екінші сетте Мисолич ойынды жалғастырудан бас тартты.

Турнирдің 1/8 финалында 21 жастағы қазақстандық теннисші Каловелонис/Скорилас жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!