ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық теннисші Australian Open финалынан кейін пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open жұптық сынының финалынан кейін қолдау көрсеткендерге рақмет айтып, жеңімпаздарды құттықтады, деп жазады Meta-ratings.kz тілшісі.

«Бүгін осында ойнау тамаша әсер қалдырды. Бұл ерекше сезім. Әрине, осы күн, осы сәт және осы минут мәңгілікке есімде қалады. Осындай дүбірлі дода ұйымдастырған Аустралия теннис федерациясына рақмет айтқым келеді. Қонақжайлылықтарыңыз бен қолдауларыңызға мың алғыс. Мұнда қайта оралуды асыға күтетін боламын.

Соңғы үш апта бойы кортта және корттан тыс та қасымда болған Беатриске рақмет. Екеуміз жақсы тіл табысқан секілдіміз. Келесі турнирлерімізді асыға күтемін. Сенің командаңа да алғыс айтамын. Өйткені олар да менен көмектерін аямады.

Барбора мен Катеринаны жарқын жеңістерімен құттықтаймын. Сендермен тағы да күш сынасып, титулға таласқым келеді.

Сонымен қатар елдегі теннистің дамуына еңбек етіп, бізге жәрдемдесетін Қазақстан теннис федерациясы мен президентіне мың алғыс.

Сондай-ақ үйде қалған отбасым мен жақындарыма және үш апта бойы бірге болған бапкеріме рақмет. Ойыннан ләззат алдыңыздар деп ойлаймын», — деді Данилина.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!