ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық теннисші Australian Open-дегі сәтсіздігінің себебін түсіндірді

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Australian Open жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

17 жастағы Сағындықова ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

«Бұл менің жасөспірімдер арасында алғашқы «Үлкен дулыға» турнирім еді. Осындай ірі жарыста елімнің намысын қорғап, жұптық сында ширек финалға дейін жетуім жақсы жетістік деп ойлаймын. Жекелей сында тәжірибем жетіспеді. Алдағы уақытта бұдан да жоғары табысқа қол жеткізу үшін жақсылап дайындалып, барымды саламын. Маған қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме, барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді», — деді А.Сағындықова.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!