ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық теннисші алғаш рет WTA рейтингісінің топ-13 қатарына енді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бұрымды теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстандықтардың орны да айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Көш басында аустралиялық Эшли Барти қалса, екінші сатыда беларусьтік Арина Соболенко, ал үздік үштікті испаниялық Гарбинье Мугуруса қорытындылап тұр.

Елена Рыбакина қазақстандық теннистің тарихында алғаш рет 13-ші орынға көтерілсе, Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 43-ші атанып, Зарина Дияс алты орынға құлдырап, 108-ші позицияға жайғасты.

Ал Анна Данилина 338-ші орында қалып, Ярослава Шведова бір орынға төмендеп, 436-ші сатыда келеді. Жібек Құламбаева болса 21 орынға жоғарылап, 489-шы атанды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!